«Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды»

Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек.

Қазақстан Президенті "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа Жолдау жасады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев жер мәселесін баса айтты. «Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз» деді ол.

Бұл да көп адамның ойын мазалап жүрген сұрақтардың бірі еді. Енді, міне, мемлекет басшысы бір ауыз сөзбен бұл сұрақтың нүктесін қойды. Ал пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөнінде айтқан әңгімесі өте орынды. Расында, жер ресурстарын тиімсіз пайдалануды доғару керек қой. 5-6 жерді ұстап, оны өзінің де, елдің де қадесіне жаратпай отырған қаншама адам бар. Сондықтан бұл – өте маңызды мәселе.

"Мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан-босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде "латифундистер" қатары көбейіп келеді. Ауылшаруашылығы үшін берілген жерлерді тәркілеуге көшу керек", - деп тапсырма берді. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес екенін айтқан Президент Үкімет пен Парламентке осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуын сұрады.

Жалпы Жолдауда халықтың арасында айтылып жүрген мәселелер мен пікірлер дерлік қаралды десек, қателеспейміз.

Ербол ШЫМЫРБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521