Қарағандыдан жеңіспен оралды

Жерлестеріміз республикалық турнирде жеңі тұғырынан көрінді.

Таяуда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында ҚР "Кәсіптік білім беру үздігі", Самбо күресінен КСРО Спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Орта Азия жарыстарының жеңімпазы Қалжанов Абдахмет Ижанұлын еске алуға арналған Республикалық турнир өтті.

dzudokaragandy

Еліміздің түкпір-түкпірінен мықты деген дзюдошылар қатысқан бұл турнирге Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебі оқушылары да атсалысты. 3 күнге созылған жарыста олар өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, 38 кг салмақта Нариман Құттыбаев 1-орын, 42 кг салмақта Қанағат Қосымғалиев 1-орын, 38 кг салмақта Ақылбек Аманұлы 2-орын, 46 кг салмақта Бекзат Мұхамбетов 3-орынға табан тіреді. Сондай-ақ аталған оқушылар дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткер атағын да абыроймен қорғап шықты.

Командалық есепте Құлсары командасы 2-орынға ие болды.

Байрақты бәсекеге дайындап, үздіктер қатарынан көрінулеріне себеп болып жүрген бапкерлері Әбіл Мейрам, Ибатолла Әлібек, Әбілдиев Асылбектің еңбектері зор.

Ж.Әбдікәрімова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521