ads_banner

Білегі мықты қыз-келіншектер

Бұл – бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған білегі мықтылардың сайысы. Мұнда әдеттегі күрестегідей қарсылас палуанды кілемге алып ұрып, жамбасын жерге тигізу деген жоқ. Қарама-қарсы тұрған екі адам сол тұрған күйлерінде қолдарын айқастырып, күш сынасады. Бір қарағанда осы спорт түрін «е, сол да күш сынасу ма екен» деп оңай көретіндер бар. Әйтсе де бұл тіптен де оңай емес.

Міне, осы армрестлингтен таяуда әйелдер арасында сайыс өтті. Облысымыздағы қара алтын өндіріп отырған «Ембімұнайгаз» АҚ-ы спартакиада өткізген болатын. Спорт жарыстарының ішінде осы қол күшін сынасу да бар еді. Айта кетейік, осы отандық компания спортты насихаттаудың нағыз жаршысы боп отыр. Мұнайшылардың жұмысына ғана емес, олардың спортпен шұғылдануына, яғни денсаулығына баса мән беріп отырған «Ембімұнайгаз» АҚ-на риза боласыз.

Армрестлингтен өткен сайысқа Жылыой ауданынан да мұнайшы қыз-келіншектер қатысты. Баяғы Нарқыз палуанның ізбасар сіңлілері бүгінгі заманда да жоғалған жоқ. «Жылоймұнайгаз» басқармасының қызметкерлері 65 кг салмақтағы Майра Аманова мен сол салмақтағы Қарашаш Өмірзақова білек күштерінің мықты екенін танытып, жүлделі 1-орынға ие болды. Осылайша олар барша жылыойлықтардың мерейін өсіріп, арулардың керек кезде нәзіктікпен қатар күшті әрі қайратты бола алатынын тағы бір дәлелдеді.

С.Тәжіқызы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner