Мақатта өткен дода

Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановты еске алуға арналған 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Мақат ауданында өткен бұл турнирге Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі еркін күрес бөлімінің жасөспірім палуандары қатысып, бақтарын сынаған болатын. Дүбірлі додада 41 кг салмақта Аманғали Әлфараби мықтылық танытып, 1-орынға ие болды.

48 кг салмақта Абылай Дүйсенғали, 52 кг салмақта Бекзат Таңатар, 65 кг салмақта Наурызбек Ерғалиевтер 2-орынды еншіледі. Ал 48 кг салмақта Азамат Ренатұлы 3-орынға қол жеткізді. Жас палуандарымызды жарысқа дайындаған бапкерлері Қ.Жұманов, Н.Әлжанов, Ә.Тыныштық, Р.Самаевтар болатын.

Қ.Нұртайұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521