Қосшағыл мен Тұрғызбаға жаңа спорт кешені

Атырауда спорттық нысандар көбеюде

Жылыой ауданының екі ауылдық округінде спорт кешендерінің, Атырау қаласында спорт залдарының құрылыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жылыой ауданы Қосшағыл, Тұрғызба ауылдарында спорт кешендерінің, Атырау қаласында 3 спорт залдың құрылыстары жүргізілуде. Облыс орталығынан дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының құрылысы қолға алынуда. Жуық арада пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған Оқушылар және жастар сарайында да үлкен спорт залдары қарастырылған. Жалпы, жоспарлы түрде облыста, әсіресе ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасын таба беретін болады, - деді, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова.

Сонымен бірге, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен «street workout» алаңдарының құрылыстары қолға алынды. Ағымдағы жылы Атырау қаласында осындай сегіз алаң құрылысы басталды. Келер жылы облыс бойынша аталмыш алаңдардың санын 47-ге жеткізіп, екі есеге дейін арттыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, биылғы жылы Атырау облысында 3 спорт кешені іске қосылды. Олар – Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылындағы, Махамбет ауданының Ақжайық ауылындағы және Жылыой ауданының Майкөмген ауылындағы спорт кешендері. Осылайша, биыл Атырау облысындағы пайдалануға берілген спорт нысандарының саны 1104-ге жетті.

Аталған спорт мектептерінің шәкірттерінің арасынан тек биылдың өзінде ғана Халықаралық дәрежедегі 22 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 47 спорт шебері және 155 спорт шеберлігіне үміткер шықты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521