Жекпе-жекте

Талғат Жұмағалиевтың шәкірттері жүлделі тұғырларға табан тіреді.

Жасөспірімдер Ресейден жүлделі оралды.

№4 Балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары байрақты жүлделерден құр қалмай, өз ауданы мен кентінің туын биіктен желбіретіп жүр. Оған осы мектептегі шебер жаттықтырушылардың да үлесі тиері сөзсіз. Мәселен, 22-23 маусым аралығында Ресей Федерациясының Кисловодск қаласында ұйымдастырылған Әлем чемпионатында өзі чемпион, өзі жаттықтырушы Талғат Жұмағалиевтың шәкірттері жүлделі тұғырларға табан тіреді. Нақтырақ айтсақ, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен толық жекпе-жек сайысынан Бақтияр Бақдәулетов ІІ орынды, Ерген Жолдыбаев ІІІ орынды жеңіп алды. Сайдың тасындай іріктелген спортшылар алдағы сайыстарға да дайындық үстінде.

Ж.НАУРЫЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521