Жолдама мен жүлде қалтада

Жеңімпаз командалар маусым айында Шучинск қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.

Мектеп лига жобасы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға, спортпен айналысуға баулиды. 2019-2020 оқу жылында дәстүрлі мектеп оқушыларының 5-11-сынып (ұлдар, қыздар) арасында спорттың 9 түрінен ұйымдастырылып, жеңімпаз мектептер анықталған еді. Жүлделі I орынға ие болған мектеп командалары сол кезде алдағы уақытта өткізілуге тиіс облыстық сайысқа қатысуға жолдама алды.

Еліміздегі төтенше жағдайдан бұрын Атырау қаласында ұлттық спорт түрі – бес асықтан облыстық жарыс өтіп, Жылыой ауданының намысын №3 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары қорғап, жеңімпаз атанып Тараз қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алған еді. Жекелей ойында Жанар Досай III орынды иеленді. Жаттықтырушысы Раушан Ибраева алғысхатпен марапатталған. №7 мектеп оқушылары облыстық футзалдан 9-11-сынып қыздар командасы I орынға ие болған-ды. Жаттықтырушысы – дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қайрат Мандияров. №8 мектептен баскетболға 7-8 сынып ұлдар командасы қатысып, жеңімпаз атанды сол жолы. Жаттықтырушысы – №8 мектептің мұғалімі Ақылжан Тілеуқұлов.

Жеңімпаз командалар маусым айында Шучинск қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Сонымен қатар №19 мектептің ұлдар командасы футзалдан III орынға, №6 мектеп қыздар командасы баскетболдан II орынға, №18 мектептің оқушылары II орынға, баскетболдан қыздар командасы II орынға, №7 мектептің ұлдар командасы қол добынан II орынға, №3 мектептің қыздар командасы волейболдан III орынға және №2 мектептің қыздар командасы баскетболдан II орынға ие болған еді.

Райхан Қаухақызы,

Балалар-жасөспірімдердің денешынықтыру

даярлығы клубының оқу ісі меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521