ads_banner

232 мың 400 теңге айыппұл өндірді

Бұл туралы аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, полиция капитаны Б.Жайымов хабарлады.

-Мақсат: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әртүрлі баптарымен әкімшілік айыппұл арқалап, бірақ оны уақтылы төлемей жүрген азаматтарды анықтау, оны өндіріп алу болып табылады. Бұл ретте жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен, жол-патрульдік полициясымен, сот орындаушы А.Нарынбаеваның қатысуымен бірлескен рейд ұйымдастырылды.

«Автоураган» арнайы техникалық құрылғысының көмегімен екі автокөлік айыптұрағына қойылды. Айыппұл төлемей жүрген 52 адамға СМС арқылы хабарлама жолданып, нәтижесінде 17 азамат айыппұлын өтеп, өз еркімен келіп, түбіртегін тапсырды. Өзге де борышкерлермен ұялы телефон арқылы профилактикалық сұхбат жүргізіліп, айыппұлын өтеу керектігі ескертілді. Жалпы іс-шара өткен 10 күннің ішінде 232400 теңге көлемінде айыппұл өндірілді,-дейді Б.Жайымов.

Негізінен, әкімшілік полиция бөлімшесі айыппұл арқаласа да, айылын жимай жүрген азаматтарға қатаң шаралар қолдануға мәжбүр. ӘҚБтК-нің 894-895-баптарына сәйкес олардың үстінен жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы Атырау облысы бойынша өңірлік Сот орындаушылар палатасына және жұмыс орындарына жолдамақ. Сондықтан айыппұл салынған жүргізуші оны жеті тәулікке жеткізбей төлеп, бөлімшеге түбіртегін әкелсе, онда 50 пайыз жеңілдік жасалары сөзсіз.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner