ads_banner

Адам тонап торға түсті

Бұл оқиға биылғы жылдың қыс мезгілінде орын алған еді. Сол күні кешкісін көшеде жүздесіп қалған екі жас жігіт кездесуді «жуу» үшін қаладағы бір кафе-барға бас сұғады. Бұл кезде уақыт түнгі сағат 22.00-ден әлдеқашан асып кеткен еді. Ол жерден сыраға сылқия тойып шыққан олар көпқабатты ықшамаудандағы үйлердің арасымен орталық көшеге қарай беттеп келе жатқан-ды.

Кенет қарсы алдынан өздері қатарлас бір жігіт шыға келмесі бар ма?! Сол сәтте арам ойға бой алдырған М-ның серігі бірінші болып тиіседі. Оны қасындағы жолдасы да қолдай кетті. Екеулеп ұрып-соғып, жерге құлатқан соң қалтасындағы 60 мың теңгенің «Самсунг» маркалы ұялы телефонын тартып алады.

Бірақ екеудің тонау әрекеті жалғыз мұнымен шектелмейді. Арада бірнеше күн өткеннен кейін олар тағы да кафеде бас қосты. Онда өздері секілді «шөлдеп» жүрген бір жігітпен танысады. Таныстықты сырамен «жуған» үшеуі біраз уақытқа дейін сілтейді. Ішімдіктің буымен әңгіме қыза түседі де, олар жүре-жүре өзге бір шағын ауданға ат басын тірейді. Жаңа танысының қалтасының қалың екенін байқаған екеуі оған бір дүкеннен тағы бірнеше бөтелке сыра алдырады. Оны ішу үшін тасалау жерге келіп аялдайды. Сонда ғана соңғысы кафеден танысқан екі жолдасының ойы сыра ішіп, көңіл көтеру емес, өзін тонау екенін бір-ақ біледі. Олар көп кідірместен қарсы алдында тұрған жігітті жұдырықпен ұрып құлатады. Жерге жатқызып, тепкінің астына алады. Қалтасынан 5 мың теңгеге және 44 мың теңгеге бағаланған қос ұялы телефонын, 8 мың теңгенің күміс сақинасы мен 27 мың теңге ақшасын тартып алады. Осылайша жәбірленушіге 84 мың теңге залал келтіреді.

Алайда адам тонаушылар алысқа ұзамады. Ұрлыққа ұйытқы болып жүрген сотқары бірінші ұсталып, сотпен тиісті жазасын алды. Көп ұзамай М. да құрықталды. Аудандық соттың үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Алайда жәбірленушілермен татуласып, келтірілген залалдың орнын толтырған соң, олардың кешірім бергенін әрі асырауында жалғыз анасының барлығын ескеріп, үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. 44-бапқа сәйкес оған пробациялық бақылау белгіленіп, жұмыста не оқуда жоқ кезінде 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

А.ЖАҚСЫҒҰЛОВА,

аудандық сот кеңсесінің меңгерушісі

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner