Қайта оралған ала таяқтың қайырымы бар

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің полицейлерінің қолынан ала таяқ «тартып» алынғаны аян.

Ал өткен аптада еліміздің Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда жезлдерді қайта қолданатынын хабарлады. Бұл талап қыркүйек айының 1-інен бастап күшіне енді. Дәлірек айтқанда, жол-патрульдік полиция инспекторы «ала таяқты» тек қана жол қозғалысын реттеу үшін пайдалана алады.

"Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ көлік құралдарын мынадай жағдайда:

  жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, соның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;

көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

терроризмге қарсы операцияларды және күзет іс-шараларын өткізу;

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау немесе жою кезінде қолданылады.Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеу кезінде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұруы тиіс. Сондай-ақ олар қосымша белгі беруі үшін ысқырғыш пайдаланады. Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар,-деді баспасөз қызметі.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521