Бильборд. Билер соты

Қазақы салт- дәстүр, ғасырлар бойы қалыптасқан тағлым, тәрбие уақыт ағымымен өзгеріске ұшырауда. Адамдар арасындағы қарым-қатынас та күрделене түсті. Мәселен, бұрын әке ұлының, қызы анасының үстінен сотқа шағымданып көрмеген. Қазақта «қара шаңырақ иесі» деген жазылмаған заңдылық болған. Бабадан атаға, одан балаға мирас боп қалатын қара шаңырақ иесі отбасындағы ең кенже ұл боп саналған, ол қарт ата-анасын бағып-қағуға тиіс. Ал өзге ұлдарға енші беріледі. Міне, осы қасиетті ұғымды естен шығарған бүгінгі ұрпақ туған ағасының, не інісінің үстінен сотқа арыз беріп, қара шаңыраққа таласатын сұмдық бір әдет пайда болды. Міне, осындай келеңсіздіктерді сарапқа сап, әділдіктің таразысына тартатын Билер сотының қажеттігі туындады. Билер соты ауданымызда да жұмыс жасауда.

Жақында аудандық сот Қаратон кентінің көшесіне Билер соты туралы бильборд ілді. Кент тұрғындары, жастар көшедегі көрнекі құралдан тағлым алып, ұлттық дәстүрлерімізбен қатар, заңдарымызды да құрметтейтін болады.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521