Құмар ойын құрдымға жіберді

Заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған құқықбұзушылық дерегі анықталып, жолы кесілді.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының "Авангард-4" мөлтекауданында орналасқан ғимараттың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған азамат «А»-ға қатысты құқықбұзушылықтың дерегі анықталып, жолы кесілді.

Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан заңсыз ойын бизнесімен айналысуға арналған құралдар: 1 DVD-R диск, 4 монитор, 3 ойын терминалы және ақша қаражаты тәркіленіп алынды.

26.06.2019ж. - анықталған дерек Департаменттің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.

22.10.2019ж. - Атырау қалалық №2 сотының үкімімен азамат «А» ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 (бір жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды.

Егер Сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса, немқұрайлылық танытпаңыз! Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон арқылы хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521