ads_banner

Қосылмай қалған қосымша ақы

Аудандық прокуратура мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы қызметін көрсететін білім беру ұйымдарына 2017-2018 жылдарға арналған тексеру жұмыстарын жүргізді.

Дене бітімінің, ақыл-ойының даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасағаны үшін мұғалімдерге базалық лауазымдық еңбекақының 40 пайызы көлемінде қосымша ақы төленуі тиіс-ті. Бірақ тексеру кезінде оқу орны басшылары жалақыны тарифтеу аясында оқытушыға тиесілі төлемді аудармаған. Сөйтіп, заңнама нормаларының сақталмағандығы анықталды. Заңсыздықты қалпына келтіру үшін аудан прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде барлық мектептердің бюджеті қайта қаралып, мұғалімдердің қосымша төлемақысы есептелді.

Осылайша аудандағы 427 педагогтың конституциялық құқығы қорғалып, 7 403 000 теңге толықтай төленді. Қызметінде жіберген кемшілігі үшін 9 мектеп қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аңсат Омаров,

аудандық прокуратураның прокуроры

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner