ads_banner

«Правосынан» 6 жылға айрылды

Құжаттарын тексеріп, сөйлесе келгенде оның спирттік ішімдік ішкені түрінен көрініп тұрды. Мастығын анықтау үшін сол түні медициналық куәландырудан өткізді. Дәрігер оның орта дәрежеде масаң күйде көлік жүргізгенін айғақтап берді. Осыған орай жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс қозғалды.

Тексере келгенде, оның бұрын да дәл осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды. Дәлірек айтқанда, мас болып көлік жүргізгені үшін 2015 жылдың қарашасындағы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге жүргізушілік куәлігінен айрылған екен.

Бірақ көріп отырғанымыздай, жас жігіт одан еш нәтиже шығармаған. Мерзімі жетіп, өткен жылы «правосын» қолға алған ол арада бір жыл өтпей жатып бұрынғы әдетіне қайта басты. Ал Әкімшілік кодекстің 61-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жаза қолданылған тұлға әкімшілік жазаны орындау аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде осы жазаға тартылған деп есептеледі.

Заңда көрсетілгендей, жүргізуші әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін арада он ай өтпей жатып мас күйінде көлікке отырып, тағы да көзге түсті. Сондықтан сот оның әрекетін Әкімшілік кодекстің 608-бабының 4-бөлігімен дұрыс дәрежеленген деп тапты.

Себебі ол заң тілімен айтқанда: «Әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталап жасап, көлік құралын алкогольден масаң күйде басқарған». Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындап, жауап берді. Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші жігіт кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, енді 6 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айрылды.

И.Оңайжанова, аудандық соттың бас маманы,

сот отырысының хатшысы,

Е.Бисекенұлы, өз тілшіміз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner