ads_banner

Сүрінбейтін тұяқ жоқ, түзелуін айт!

Осы заң пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация ұғымын, мақсатын, міндеттерін, қағидаттарын, түрлерін және жүзеге асыру нысандарын, сондай-ақ өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың және оны жүзеге асыратын субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілейді.

Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Пробацияның мақсаты - күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу; сотталған адамды әлеуметке қосу; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес пробацияның міндеттері мыналар: пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету; бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау; бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру; қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасын толтыру арқылы жүзеге асырады. 

Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту:

 1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету: медициналық көмек алу; орта білім алу; кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; психологиялық демеуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;

2) мыналарды: әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді; әлеуметтік патронажды; тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру;

3) мыналарды: келу орнымен қамтамасыз етуді; оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды; мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды;

4) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы. Пробация қызметі:

1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;

2) өзіне қатысты пробация қолданылатын адамның тұрғылықты жерін, оның денсаулық жағдайын, білім деңгейін және жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ оған әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынудың көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;

3) пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды;

4) әлеуметтік-құқықтық көмек алуды ұсыну және одан бас тарту тәртібін түсіндіреді, оны алуға жәрдемдеседі;

5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты сотқа дейінгі баяндаманы дайындауды жүзеге асырады;

6) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылған адамдарға өздеріне сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және оларды орындамаудың салдарын түсіндіреді;

7) өздеріне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адамдарға оның жүзеге асырылу және тоқтатылу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттарын сақтамаудың салдарын түсіндіреді;

8)пробациялық бақылауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпарат сұратады;

10) мыналарды: кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау саласындағы бағдарламаларды; кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі қызметке пробацияны жүзеге асыратын субъектілерді тарту тетіктерін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

11) кәмелетке толмағандар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізуге қатысады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Пробация түрлеріне мыналар жатады:

1) сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;

2) үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге сотталған, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;

3) пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;

4) пенитенциарлықтан кейінгі пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.

2016 жылғы 30 желтоқсандағы Пробация қызметі туралы № 38-VІ ҚРЗ қолдана отырып, Пробация қызметінде жұмыстар атқарылуда.

Н.Мұханова,

аудандық Пробация қызметі бөлімі бастығының

міндетін атқарушы, Әділет аға лейтенанты

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner