ads_banner

Үш әйелге психологиялық көмек көрсетілді

"Отбасы - шағын мемлекет" деп бекер айтылмаған. Ол мемлекеттің де тірегі. Ендеше еліміздегі әр шаңырақтың босағасы берік болса, мемлекеттің де іргесі мықты. Ал әр жанұяның берекесі – әйелдер.

Өкінішке орай көптеген отбасында нәзік жандар құқығының бұзылып, соның кесірінен көптеген шаңырақтың шайқалып жататыны жасырын емес. Сондықтан құқық қорғаушылар ондай заңсыздықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды жиі-жиі өткізуге мәжбүр. Сондай шараның бірі маусым айының 24-і мен 27-сі аралығында болып өтті. «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» деген атпен ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі акцияға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де бір кісідей атсалысты.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Нұрмановтың хабарлауынша, акция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесіп, алдын алу, ана мен баланы қорғау, әйелдің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткен. Оған 39 полиция қызметкері жұмылдырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қала, поселке, ауылдық округтерге мобильдік топ ұйымдастырылды. Олар әйел адамдар көп еңбек ететін мектепке дейінгі мекемелерде болып, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық іс-шаралар өткізді. Акция аясында полиция қызметінің басшылығы азаматтармен жеке қабылдау жүргізді.

-Тұрғындар көп жиналатын орындарға тұрмыстық зорлық-змбылықтың алдын алу мақсатында жадынамалар мен буклеттер таратылды. Сенім телефонының «Қауырт желісіне» 7 қоңырау келіп түсті. Соған байланысты 4 әйелге тиісті заң кеңесі беріліп, 3 әйел адамға психологиялық көмек көрсетілді,-дейді полиция подполковнигі А.Нұрманов.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner