Төрт педофил сотталды

Кәмелетке толмаған 31 қыз жүкті болып, аудандық ауруханаға қаралған

Таяуда аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Онда хабарлама жасаған аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Р.Мырзабековтің мәліметіне қарағанда, өткен 9 айдың ішінде ауданда ерте жүктілік дерегі бойынша 24 қыз тіркелген екен.

Соның бірі - 2004 жылы туған жасөспірім. Осыған орай жолдасының үстінен Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ Қылмыстық-процестік кодекстің 68-бабының 1-бөлігімен қысқартылған екен. Қалған деректерден де қылмыс құрамы анықталмапты. Ал осы кезеңмен салыстырғанда өткен жылы кәмелетке толмаған 31 қыз жүкті болып, аудандық ауруханаға қаралған. Онда да биылғыдай жағдай қайталанып, қылмыстық іс қысқартуға ұшырады. Бұдан қазіргі қаракөз қыздарымыздың ерте тұрмысқа шығатынын аңғарамыз.

Р.Мырзабековтің хабарлауынша, ауданда «педофил» есебінде 10 адам есепке алынған екен. Күні бүгін оның 4-еуі сот үкімімен сотталып, тиісті жазасын өтеп жатыр. Қалғаны полиция бөлімінің арнайы бақылауына алынып, қырағы қадағалану үстінде. Бір дерек бойынша алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е.Есенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521