Жол апатынан бес адам қаза тапты

Олардың Теңіз кенішіндегі ауысымдық жұмысына бара жатқан беті екен.

Ақпан айының аяғында таңғы сағат 05.30-дар шамасында Құлсары мен Теңіз кеніші аралығындағы тасжолдың бойында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатқан маркасы "Лада 21310" және «Chevrolet Aveo» автокөліктері соқтығысып, оқиға орнында бес адам қаза болды.

Аудандық полиция бөлімі анықтама бөлімшесінің басшысы Сағын Доржиковтың айтуынша, «Chevrolet Aveo» көлігінде жүргізушіні қосқанда төрт адам, ал Теңіз жағынан жол тартқан оралдық «Нивада» жүргізуші мен бір жолаушы болған. Соңғы көліктен тек жолаушы ғана аман қалып, жедел түрде орталық ауруханаға жеткізілді. Ол қазір қатаң аурулар бөлімшесінде жатыр. Құлсары бағытынан шыққан «Chevrolet Aveo»-ның ішіндегілер Құлсарының жігіттері еді. Олардың Теңіз кенішіндегі ауысымдық жұмысына бара жатқан беті екен.

-Аталған қайғылы оқиға орай Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық Полиция департаменті алдын ала тергеу амалдарын жүргізу үстінде. Бірнеше сараптама тағайындалып, оқиғаның себеп-салдары содан кейін ғана анықталатын болады,-дейді С.Доржиков.

Е.Есенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521