-  Таршылық тақсыретін тартып жүрсе де, барына қанағат, жоғына сабыр етіп жүрген салиқалы адамдар бар. Алайда қайырымдылық шаралары кезінде кейбір тұрғындар бұл аудан азаматтарының демеушілігімен жасалып жатқан игі іс екенін түсінбейді. Кейбір тұрғындар қайырымдылық шараларында берілетін көмекті мемлекеттен берілетін көмекпен шатастырып жатады. Берілетін көмек мөлшері шектеулі болғандықтан, мұқтаж отбасылардың жағдайын саралап, кезек-кезегімен беріп отырамыз. Осы орайда аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына түсіністікпен қарап, қайырымдылық шараларына атсалысып жүрген барша азаматтарға ұжым атынан ризашылығымызды білдіргім келеді,-дейді С.Қамидоллаұлы.

Қ.Нұртайұлы.