Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

Аңқасы кеуіп, арнасы тарылған Қамыскөл тағдыры толғандырады

Далаға жетпеген су қалаға да тамбай қалды. Соның кесірінен, Құлсарының айнасына айналған айдынды Қамыскөлдің аңқасы кеуіп, арнасы тартылды. Көл бұрынғы өз жағалауынан бұрын-соңды болып көрмеген қашықтыққа дейін алыстап, көз алдыңа Аралдың тағдырын елестетіп, жүрекке қорқыныш сезімін ұялатты. Шағаласы шалқып, толқыны жағаны ұрып, көкке шапшып жататын көліміздің шалшық су тәрізді аянышты халі арқама аяздай батты. Суы бұлайша шіри берсе, онда қалада экологиялық проблеманың туындауы ғажап емес. Бұрын қаншама қуаңшылық пен құрғақшылық етек жайса да, Қамыскөліміз мұндай жағдайға душар болмап еді ғой?! Қалайша? Неге біз оған жол беріп алдық? Сөздің шыны керек, қазір бізге «қаламыздың айнасына» қарайтын бет қалмады. Қаламыз дамып, кеңейіп келеді, керісінше, көліміздің арнасы тарылып барады. Сондықтан бұл мәселені көп болып шешетін кез келіп жетті деп ойлаймын...

 Талғат Майлыбаев, аудандық мәслихат депутаты

 

 

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің №34 санынан оқи аласыздар)

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k