Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

Ақша бұлттар қанаттандырған ақын

Кеш киелі мекен Кең Жылыойда дүниеге келген, “Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері”, “Құрмет Белгісі” орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын, ұстаз, Журналистер одағының мүшесі Аманқос Ершуов пен теңіз туралы телегей туынды жазған журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Қаржау Оразбаевтың мерейжастарына орай, «Ақша бұлттар қанаттандырған ақын» және «Теңізді тұңғыш толғаушы» деген бөлімдерден тұрды. Шара барысында қос ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, слайд арқылы шолу жасалып, поэтикалық әлем туралы мағлұмат берілді: Сенебай Ұлпан, Жайылханова Құндыз, Сүлеймен Расул, Жаңбырбаева Мөлдір, Елубай Назым, Елболған Ақниет, Бағытқали Әмина, Дауылбай Ақтілек, Ерболат Мадияр, Сағын Нұртас, Тнеев Айдын т.б көптеген кітапхананың тұрақты оқырмандары ақындардың «Бір ауыз сөз», «Жігіттер», «Қара тас», «Ұмытпа өскен жеріңді», «Мұнай кеніші», «Түс және алтын балық» көптеген өлеңдерін жатқа оқыды.

Кеш барысында №6 мектептің 11 сынып оқушылары Смағұлова Альбина тәлім тәрбиеге толы «Халық термесін» домбырада, Құрмажанова Назерке Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» атты шығармасын қобызда нақышына келтіре орындап берсе, №6 мектептің кітапханашысы Бегендикова Ақгүл Аманқос Ершуовтың 75 жасына арналған ақ тілегін өзі шығарған өлең жолдарымен жолдады.

П.Жауынбай.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k