Жеңілдетілген несие көп кәсіпкерді тығырықтан шығарды

Кәсіп көзін таба білгенге бастапқы капиталсыз ісін ілгерілету қиынға соғады.

Бұл бағытта екінші деңгейлі банктердің ұсынатын несиесінің пайыздық мөлшерлемесі көптеген кәсіпкердің оң жамбасына келе бермейді.

Сондықтан мемлекеттік бағдарламаға арқа сүйеуге тура келеді. Соның бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.

Оның бір ұтымды тұсы кәсіпкердің алған несиесінің белгілі бір пайызын мемлекет субсидиялайды. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Ақан Мамбетиязовтың хабарлауынша, осы бағдарлама шеңберінде биылғы 1 маусымға дейін 39 бизнес-жоба мақұлданған екен. Оның жалпы құны 2 млрд 073 млн 601 мың теңгені құрайды. Егер аталған жоба толық іске асса, онда ауданда 84-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Бұдан басқа 319 млн 299 мың теңгеге бағаланған 35 жобаға арналған несиелердің пайыздық ставкасына кепілдік берілген. Бір қуанарлығы бұл деректер жалғыз мұнымен шектелмейді. «Атырау шағын несиелеу орталығы» қоғамдық қоры арқылы 147 кәсіпкер жылдық ставкасы 12 пайызбен 73,3 млн. теңгенің шағын несиесіне ие болды.

Мемлекет ауылдағы ағайынды да жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етіп келеді. Жыл басынан бергі бес айдың өзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ арқылы бөлінген қаржыдан жылыойлық үш кәсіпкер барлығы 21,5 млн теңге несие алуға қол жеткізді. Олардың екеуі техника сатып алса, біреуі 1 млн жарым теңгемен айналым қаражатын толықтырды.

Е.Қошақанов

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521