ТасқынСу2024

  • "Азық-түлік бағасын көтермеңіз": Атырау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге үндеу тастады

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

  • “Күшіміз бірлікте”: Канада елінің тұрғыны Майкл Окафор су тасқынына қарсы куреске қол ұшын берді

     Атырау қаласында су тасқынына қарсы бөгеттерді бекіту жұмысына шет елдік азаматтар да көмектесуде. Соның бірі “Барсы Атырау” баскетбол клубының ойыншысы Майкл Окафор.

  • 92 жастағы атыраулық әжеге Президент алғыс айтты

    Қаптарды топырақпен толтырып, бөгет соғу жұмыстарына көмектескен әже Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылының 92 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Қожиева Орынша Тоқтыбаққызы екен.

  • Алматы Атырауға көмек жөнелтті

     Төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына «Алматы қаласының құтқару қызметі» мекемесі 3 құтқарушыны көмекке жіберді.

  • Атырау қаласында 11 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды

    Жылыой ауданына гуманитарлық көмек жинау үшін Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан, 79 мекен-жайындағы көрме орталығы  тәулік бойы үзіліссіз қызмет етуде.

  • Атырау облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жетті

    Гуманитарлық көмектің көп бөлігі Жылыой ауданының су басқан елді мекендеріне жіберілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. 

  • Атырау облысына 500 мың қап жеткізілді

    Атырауға жағалау бөгеттерін нығайту мақсатында Алматыдан полипропиленнен жасалған 500 мың қап жеткізілді.

  • Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

    Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

  • Атырау облысындағы Жем өзенінде су деңгейі төмендей бастады

    Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмысын жалғастыруда. 

    Бүгін өңір басшысымен бірге жағдайды тексеру үшін Құлсары қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аумақтың үстімен ұшып өтті. Су бекеттеріндегі мәлімет бойынша, Жем өзенінде су деңгейі төмендеген, Жылыой ауданы мен Құлсары қаласын су басқан.

    Вице-премьер қорғаныс құрылыстары мен үйінді бөгеттерді аралап, тексерді.

    Сонымен қатар Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары, қалпына келтіру жұмыстарының басталуы туралы айтты, сондай-ақ апат салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін өтемақы төлемдерінің алгоритімін түсіндірді.

    Мыңдаған қазақстандық Құлсары тұрғындарының қайғысына үн қосты. Гуманитарлық көмек тарату бекетінде бірнеше ондаған тонна азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтыну тауарлары жиналды.

    Қанат Бозымбаев гуманитарлық көмек беру барысында ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды.

     

  • Атырауға Қазақстан Халқы Ассамблеясынан гуманитарлық көмек жеткізілді

     Бүгін Атырау облысына «Жомарт жан» орталығының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Су тасқыны салдарынан зардап шеккен елді-мекендерге гуманитарлық көмек» бойынша Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясынан 4 фура гуманитарлық көмек жетті.

    Оны Атырау облысының гуманитарлық көмек жинау штабына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов табыстады.

    «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы гуманитарлық көмек таратуды бастап, бүгін Атырау облысында жалғасып жатыр. Шымкент қаласынан Атырау облысына 20 тонна азық-түлік келді», деді Ақбаржон Исмаилов.

    Сондай ақ, Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы - Кеңес Қосыбаев ерікті жастарға алғыс айтты.

    «Қаламызды тасқын судан аман алып қалу үшін өз еркімен жұмыс жасап, бөгеттер тұрғызып, еріктілерді тамақпен қамтамасыз етіп жүгіріп жүр. Жастардың осындай үлкен талаптарына біз риза болып жатырмыз» деді ол.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен облыстарға 212 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

    Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

  • Атырауда 32 шақырым бөгет салынды

     Алдағы су тасқынына дайындық барысы туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабында айтылды. 

  • Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген екі кәсіпкерлік нысан жауапкершілікке тартылды

     Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

  • Атырауда волонтерлар жаға бекіту жұмыстарына тәулік бойы жұмылып жатыр

    Қазіргі таңда Жайық жағалауы бойынша қауіпті деп белгіленген 100 пунктте бөгет соғу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қалыптасқан ахуалға байланысты, бір ғана Атырау қаласының өзінде бес мыңға жуық волонтер көмекке жұмылуда.

  • Атырауда Жайық жағалауын бекіту жұмыстары тәулік бойы жүруде

    7 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жайық жағалауында қауіпті деп танылған 105 учаскеде

  • Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілуде

    Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК хабарлады.

  • Жылыой ауданынан 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

    «Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда», - деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

  • Илья Жақанов бөгет салып жатқан жастарға бата берді

     Су тасқынының алдын алуда Алмалы ауылындағы жағалауда бөгеттер салып, қапшыққа топырақ қаптап жатқан студенттерге Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, композитор Илья Жақанов арнайы барып, батасын берді.

  • ҚИҒАШ ПЕН ЕМБІ ӨЗЕНДЕРІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

    Еділ су электр стансасынан жіберілетін су көлемінің азаюы есебінен Қиғаш өзенінде су деңгейінің аздап төмендегені тіркелді. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлім етті.

  • Қос боздақтың өмірін жалмады

    Айналасына тажал болып төнген тілсіз жау екі бірдей атпал азаматтың ажалына да себепші болды.

  • Құлсары қаласы су басу қаупіне байланысты ішінара эвакуацияланады

     Облыстық жедел штаб Жылыой ауданында қалыптасқан жағдайға байланысты, Құлсары халқын Теңіз вахталық кентіне ішінара эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Страница 1 из 3

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521