ads_banner

100 балаға тегін киім

Бұл акция аудандағы жетім, жартылай жетім, тұрмыс жағдайы төмен балаларға арнап ұйымдастырылған болатын. Шараға жетім балалардың асыраушылары мен ұстаздар, ата-аналар қатысты.

Алғашқы сөзді партияның аудандағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов алып, қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткен кәсіпкерлер мен депутаттарға алғысын білдірді. Бұдан соң балаларды сахна төріне шығарып, бір-бір үлкен дорбаны табыс етті.

- Ішінде балаларға қажетті киім-кешектің бәрі бар мұндай сыйлық 100 балаға беріледі. Осы орайда киім ұсынған жеке кәсіпкер Әліби Қалдыбаевқа ризашылығымызды білдіреміз,-деді С.Сұлтанғалиұлы.

Көздеріне қуаныш ұялаған оқушылар да мәз-мейрам, жүздері бал-бұл жайнайды. Ұстаздар атынан Күміс Дәулетияр алғысын жеткізді. Акция өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

П.ҚИЗАТОВА.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner