ads_banner

Алаш арыстары

Жасөспірім оқырмандарға Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған кешті оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі А.Жұмырбаева ашты.

Кеш барысында Алаш партиясынын тарихы және де Алаш арыстарының өмірбаяны туралы айтылды. Шарада №9 және № 7мектептің оқушылары бір-бірімен пікір алмасты, өлең жырларын айтып жарысты. №9 мектептің оқушылары Мадина Каримова «Алашқа», Альбина Исаева «Алаш туы астында», Сұңқар Мырзағали «Мұстафа Шоқайға», Гүлсезім Мәлік «Мағжан Жұмабаевқа», Мұрат Әділет «Әлихан Бөкейханға», Дильназ Омарова «Алаштың асылдары» атты өлең жолдарын оқыды.

№7 мектептің оқушысы Махамбет Бейбарыс, Бижан Бақытбек, Бекет Макутовтар Алаш арыстары туралы өз пікірлерін білдірді. Құндыз Қанатова, Қайырғалиқызы Балжан, Дильназ Жетібаева, Аружан Қадабай көркемсөздерін мәнерлеп оқып берді.

Сайыс соңында кітапхана директорының орынбасары Б.Кенжебекова келген оқырмандарға алғыстарын білдіріп, оқушыларды марапаттады. І орынды Махамбет Бейбарыс иеленсе, ІІ орынды Мадина Каримова еншіледі, ал ІІІ орын Бақытбек Бижановқа бұйырды. Сонымен қатар, тақырыпқа орай кітап көрмесі жасақталды.

Қ.Нұртайұлы.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner