ads_banner

Қаржылай көмек бердік

Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімдегі қоймада жарылыс болып, бұл оқиға елді дүр сілкіндірген еді. Арыстықтар үшін жүрегіміз ауырып, қолымыздан келгенше қолдау көрсетейік деп шештік. Қазір жер-жерде гуманитарлық көмек беру үшін арнайы орталықтар ашылып жатыр. Жүрегі жомарт жандар қашанда табылады ғой. Бірі заттай көмектессе, енді бірі қаржылай жәрдемдесуде.

Азық-түлік апарып жатқандар да көп. Ал біз ақшалай қол ұшын беруді жөн көрдік. Жұбайым, ҚР Оқу ісінің үздігі, ағылшын тілінің жоғары санатты мұғалімі Жұпар Хайруллина екеуміз таңертең ертемен банкке барып, есепшотына ақшамызды аударып жібердік. Қиын сәтте арыстықтардың жанына демеу болу біздің адами парызымыз деп білемін. Тіпті көрші елдердің Президенттері де қолдау көрсетуге дайын екендіктерін айтып, қуантуда. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зор алғысын білдірді. Зардап шеккен тұрғындармен арнайы кездесіп, барлығына да мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты. Бұған жүрегіміз жылып, риза болып қалдық.

Меңдібай ХАЙРУЛЛИН,

еңбек ардагері,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner