ads_banner

«Ассорти» - жаңа асхана

Солардың бірі «Ассорти» асханасы жақында өз жұмысын бастап та кетті. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ақан Мәмбетиязовпен бірге біздер, тілшілер де жаңа асхананың жұмысымен танысып қайтқан болатынбыз.

Қала тұрғындары мен қонақтарына дәмді ас мәзірімен бұрыннан да танымал болған асхананың жаңа ғимараты қаламыздағы сәулеті жарасқан орындардың бірі болып отыр. Асхананы жергілікті кәсіпкер Ержан Қиюазаров ашып отыр. Асхана екі қабаттан тұрады. Бірінші қабаттағы залда 40 адамға арналған орын бар. Сонымен қатар қонақтар үйдегідей емін-еркін отыруы үшін сыйымдылығы 6 адамнан 10 адамға дейін 10 кабина қарастырылған. Кішкентай бүлдіршіндер үшін арнайы ойнайтын бұрыш жасақталып, ол жерде балаңызды қарап отыратын арнайы қызметкер де бар. Намаз оқуға арналған арнайы бөлме де қарастырылған. Ал екінші қабатта 80 адамға дейін қонақ қабылдауға мүмкіндік жасалған. Асханада 1 бас аспаздан бөлек 10 адам қызмет көрсетеді. Қызметкерлер келушілерге жайылып жастық, иіліп төсек болуда. Бұл асхана әкімшілігінің қызмет көрсету саласын жетік меңгергені көрініп тұр. Асхана иесі қала орталығындағы бұл нысанды жалға алып, өз қаражатынан жөндеу жұмыстарын жүргізген. Нысанға инфрақұрылым тарту мәселесі, яғни ток, газ жүргізу мәселесін шешуде ауданымыздағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерболат Төлендиев қолдау көрсетіп отыр.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner