ads_banner

Атырау маңы асфальттануда

Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км жолға асфальт төсейді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді, мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

- Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге - 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларға асфальт төсейді, - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner