Ауданда екі бірдей мәдени ошақ қолданысқа берілді (фотолар)

Аудан тұрғындарына Президент күніне орай екі бірдей мәдени ошақ қолданысқа берілді.

Құлсары балалар өнер мектебі мен аудандық музей ғимаратының ашылу салтанаты бір күнде аталып өтті. Өңірде өнерлі балалар көп болғанымен, олардың шығармашылығын дамытатын арнайы орталықтар жоқтың қасы еді. Осыған байланысты қалада жаңадан балалар өнер мектебі ашылып, әуезді ән ойнатылып, шашу шашылып өнер сарайының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан басшылары, жергілікті тұрғындар, ауданда мәдениет саласының дамуына үлес қосқан бір топ азамат қатысты.

301120195

Аудан әкімі Азамат Бауыржанұлы: «Баршаңызды бүгінгі өнер мектебінің ашылу қуанышымен тағы да құттықтаймын. Бұл ғимарат аудандағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдайтын шын мәніндегі заманауи орталық болмақ. Елді кемел келешекке жетелейтін игі істеріңізге сәттілік тілеймін! Мемлекетіміз одан әрі өркендей берсін» деп қонақтарды құттықтады.

301120197

Одан соң Облыстық құрылыс басқармасының әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Күлән Күлбаева құттықтау сөз сөз сөйледі. Өнер мектебінің ашылу рәсімінен соң қонақтар ғимараттың ішкі көрінісімен танысып шықты. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бой көтеріп отырған нысанның көлемі 1464,15м2 шаршы метрді құрайды. Өнер мектебі үш қабаттан тұрады. Кабинеттер жиһаздармен, техникалық оқу-әдістемелік құралдарымен, музыкалық аспаптармен жабдықталған. Мұнда балаларға 31 мұғалім 14 мамандық бойынша дәріс береді.

301120198

Бұдан соң қонақтар ауданда жаңадан салынған музей құрылысына бет алды. Қарашүңгілден бастау алған қазақ мұнайының қара шаңырағы – қасиетті Кең Жылыой мекені.

301120191

Тарихтағы баға жетпес жәдігер саналатын екінші «Алтын адам» табылған өңір де - Жылыой жері. Ауданның бұдан басқа да өзіне ғана тән қасиетті жерлері мен тарихи орындары, баршылық. Осынау бай өлкенің мұраларын жинақтап, көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін ауданда – жаңа музей құрылысы бой көтерген болатын. Қасиетті жердің терең тарихы, құнды жәдігерлері сақталған көрнекті ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті құттықтады.

78943148_570668627028287_3578946984481914880_n

Музейдің ашылу рәсіміндегі лентаны ауданның ақсақалдары Нұрмұхамед Есенәлі мен Жолдыбай Тұрмағанбетов қиды. Жаңа музей 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында бір экзпозициялық зал, экспонаттарды қабылдау және өңдеу бөлмесі, киім шешу және күзет бөлмесі орналасқан. Екінші қабатта бір экзпозициялық зал, бір көрме залы, үш қызметтік мамандар бөлмесі, бір аудитория, қор сақтау және шаруашылық бөлмесі бар. Жалпы көлемі 751,705 шаршы метр. Қазіргі таңда музей қорында 5365 жәдігер сақтауға алынған. Музей жылма-жыл 10 мыңға жуық көрерменге мәдени қызмет көрсетеді.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521