Ауданда «Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени көпшілік шара өтті

Жылыой ауданында 22 наурыз - Наурыз мейрамын тойлау мақсатында бірқатар мәдени іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мәдени шаралар легі «Нұр себеле - Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени көпшілік шарамен басталды. Мерекелік кеште аудан әкімі Жұмабек Қаражанов сөз сөйлеп, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шара алдымен «Берекелі, мерекелі Наурызым» көпшілік хореографиялық композициямен бастау алды. Кейін аудан өнерпаздарының «Той думан» атты концертімен жалғасты.

Айта кету керек, бүгін сағат 20:00-де Қазақстан эстрада жұлдыздары және Жылыой ауданының республикалық, облыстық байқаулардың лауреат өнерпаздарының қатысуымен гала концерті өтеді.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521