Білгенге маржан

Тұрғындар тарапынан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандарына жиі қойылатын сауалдар жетерлік. Осы орайда, халық тарапынан ең көп жолданатын сұрақтар легіне бұл жолы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының №1 қалалық бөлімі маманы Амангуль Аманбаева жауап берді.
1-сұрақ: Менің жеке куәлігімнің жарамдылық мерзімі аяқталды. Қалай жаңартсам болады?

Жауабы: Қазақстанда жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті талап болып табылады. Егер құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжат ретінде әдетте екі құжат қолданылады: жеке куәлік және азаматтың паспорты. Оларды рәсімдеу құны жыл сайын өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік 16 жастан бастап 10 жыл мерзімге беріледі. Жеке басын куәландыратын құжатты алу үшін 16 жасқа толған соң, ата-анасымен бірге ХҚО-ға жүгіну қажет. Жеке куәліктің жарамдылық мерзімі жақындаған уақытта қазақстандықтар тұрғылықты жеріне қарамастан жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) баруы қажет. Онда ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Ал бірінші рет жеке куәлікті рәсімдейтіндер үшін:

* туу туралы куәлік;

* паспорт (болған жағдайда ғана);

* ата-анасының біреуі халыққа қызмет көрсету орталығына бірге келу керек.

2- сұрақ: Төлқұжатымның жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, қанша аййыппұл төлеуім қажет?

Жауабы: Елімізде паспорт тек ерікті түрде, азаматтың өтініші бойынша шетелде жеке басын растау үшін 10 жыл мерзімге беріледі. Паспорттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда ешқандай айыппұл салынбайды.

3-сұрақ: Электронды цифрлық қолтаңба не үшін қажет?

Жауабы: Қағаз жеткізушіде кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба – қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН, және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-пен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. ЭЦҚ тегін беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521