ads_banner

Дөңгелек үстел: ер мен әйел теңдігі

 

      Судья Ш.Исмагамбетова өз баяндамасында Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпалды  ететінін айтты.

     Сонымен қатар  Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясы басымдықтар және негізгі принциптерді анықтайтындығын, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен билік құрылымдарына тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселесін шешу міндет екенін айтып, гендерлік теңдік ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдай жасау екенін атап өтті.

     Дөңгелек үстелде  қатысушыларға гендерлік теңдік саясатының мазмұны мен мәні және осы саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы  айтылды.

     Сондай-ақ гендерлік теңдіктің өзекті мәселелері, әйел құқықтары және әйелдердің кемсітушілікке ұшырамауы талқыланды. Қатысушылар  аталған тақырып   аясында өзара пікір алмасты.

Ж.Шаңқанова.

 

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner