ads_banner

Депутаттар ауданның мерейтойына ескерткіш тарту етті

Жылыой ауданының 90 жылдық мерекесіне депутаттар ерекше сыйлық жасады. Олардың тартуы қаламызға көрік қосып қана қоймай, ауданның тарихынан да сыр шертеді.

Жылыой ауданы – Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. 1899 жылы Қарашүңгіл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Содан бері еліміздің экономикасына орасан пайда әкелуде.

«Ырғалады, качалка ырғалады, Ырғалады, бір нәзік сыр қалады» дегендей, мұнайды качалкасыз елестету мүмкін емес. Біз 90 жылдық торқалы тойда осынау качалканың ескерткішін жасап беруді жөн көрдік», - дейді депутат Т.Майлыбаев.

Ескерткіш Құлсары қаласына кіреберісте орналасқан. Онда «Мұнайлы өлке Жылыой ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Жылыой аудандық мәслихаттың VI шақырылым депутаттар корпусының атынан» деген жазу латын тілінде жазылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ф.Ахметова, аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов қатысып, лентаны қиды. Халық қалаулылары ақ тілектерін айтты.

П.ҚИЗАТОВА.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner