Көпбалалы үйде өрт қауіпсіздігі сақталмай отыр

Өткен аптадан бермен қарай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Өзіңіздің және балаңыздың өмірін сақтаңыз» атты акция басталды.

Учаскелік полиция инспекторлары, «Жылыойгаз» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер акция кезінде Құлсары қаласы мен ауылдардағы тұрғын үйлерді аралауда.

Өткен қаңтар айында Астана қаласында бес бірдей бүлдіршін қыз қаза тапқан оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Көптеген ата-аналар жұмысқа кеткенде үйдегі балаларды қалдырып кетуге мәжбүр болады. Тіпті есікті сырттан құлыптап кететіндер бар. Үйде қалған балалардың қауіпсіздігі әрдайым маңызды болуы керек. Ал Құлсары қаласындағы тұрғындар осыны ескере ме екен? Бұған көз жеткізу, зерделеу үшін де осы акция ұйымдастырылып отыр.

П.Қизатова,

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №8 санында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521