Қала тағы да қара жамылды

Бүгін, яғни сәуірдің 14-і күні Құлсары тұрғындары үшін қаралы күн болды. Аптаға жуық уақыт төтенше жағдай қызметінің құтқарушыларының күшімен іздестіріліп жатқан әкелі-балалы азаматтардың денесі өлі табылды. Осы уақытқа дейін олардың жүзін тірі көрсем деген артындағы перзентінің, бауырлары мен анасының соңғы үміті сөнді.

Айтпай келген табиғи апат бірі 47-дегі, екіншісі 23 жастағы қос ғұмырды қыршынынан қиды. Әрине, "тас түскен жеріне ауыр". Бір отбасы үшін қос бірдей арысынан айрылу аса ауыр қайғы. Бұл табиғат төндірген тілсіз жаудың қаншалықты қасірет әкелетінін тағы бір дәлелдесе керек.

"Кең Жылой" газеті редакциясы да марқұмдардың отбасына, тума-туысқандарының орны толмас қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521