Әкелер ерлігін қайталады

Құлсары қаласының 8, 9 - учаскесі және СМП-224 ауылы мен "Береке" ықшамауданы Қамыскөл көлінің жағалауында орналасқан. Аудан орталығын су басқан 5 сәуірде көл арнасы да тасқын суға лық толып, бөгеттерді жарып кете жаздап, арнасынан асуға шақ қалды. Бірақ көл іргесіндегі әр ауылдың белсенді азаматтарының ұтымды ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында сын сағаттарда жергілікті жігіттер қорғанысты ұстап қалды.

Жағалаудағы тұрғындарға "Теміржолшылар" ықшамауданының тұрғындары да көмекке келді. Топан судай толассыз аққан тасқынға қарсы табанды түрде тынымсыз күрес жүргізіп, жұдырықтай жұмыла білген жұрт ақыры бірлесіп тілсіз жаудың бетін тойтарды. Ауызбіршілігі ажырамаған ауылды ауданнан қосымша техника күштері, әскери адамдар, маңғыстаулық құтқарушылар да келіп қолдады. Жағалаудағы бөгеттерді бекіту жұмыстары күні-түні тынымсыз жүрді. Нәтижесінде Құлсарының үштен бірін алып жатқан көл іргесіндегі тұрғындар тасқын су құрсауынан құтқарылды.

Бұл ауылдар 1993 жылғы тасқын кезінде де жергілікті азаматтардың табанды әрекетінің арқасында судан аман қалған еді. Бүгінгі жастар сол әкелерінің ерлігін қайталап, отыз жыл бұрынғы алапат тасқыннан да жойқын тілсіз жаудың бетін тойтарды. Бүгінгі бейбіт заманның батырлары, міне, осындай!!!

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521