Қиғаштағы су деңгейі қалыпты

Еділ өзенінің алабындағы Қиғаш өзені – Шортанбай ауылының тұсындағы гидробекетте су деңгейі өткен тәулікте +7 см көтеріліп, деңгейі 187 см құрады.

Құрманғазы ауданы бойынша жалпы су тасқынына қарсы бөгеттердің ұзындығы – 264 шақырым (Қиғаш – 158 км, Шора – 106 км). Барлық бөгеттердің техникалық төлқұжаттары жасақталып, ауылдық округтердің теңгеріміне алынды.

Аудандағы тұрғын үй саны – 11 645 (халық саны – 56 000 адам), оның ішінде су тасқыны қаупі бар 16 округте тұрғын үйлер саны – 9 971 (халық саны – 50 167 адам).

16 сәуірдегі өзендегі су деңгейі (Шортанбай гидробекеті) – 187 (+7) см, Шора өзені (Құрманғазы гидробекеті) – 132 (+9) см, Волга гидроторабынан су жіберу – 10240 (+2090) м3/с.

📍Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521