Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында көпір салынады

Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылының тұрғындары осы кезге дейін жылжымалы көпір (паром) арқылы қатынап келеді. Бұл - ауыл халқының көптен бері шешімін таппай жүрген мәселесі. Жақында облыс әкімінің қолдауымен көпір салынбақ. Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта көпірдің жобалық сметалық құжаты жасақталуда.

“Сонымен қатар, Бірлік, Сафон, Теңіз елдімекені тұрғындары үшін ауданның сыртқы айналма жолына тіке шығатын тағы екі көпірдің де жобалық-сметалық құжаттары жасақталу үстінде. Бұл жобалар жүзеге асса судың ортасында отырған елдімекен тұрғындары үшін үлкен жеңілдік болады”,- деді аудан әкімі Абат Жанғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521