ads_banner

Құлсарылық 8 баланың анасы «Өзімді бақытты санаймын!»

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп, шаңырағын бала-базар қылған берекелі аналардың ізін жалғаушылар қазіргі кезде де кенде емес. Заманның ағымына қарай алты балалы аналар «Күміс алқаға», жеті балалы аналар «Алтын алқаға» ие болды. Несі бар, «Алты ұл туған баланы ханым десе болады, жақсы ұл туған ананы жаным десе де болады» деген аталардан сөз қалған ғой. Мінекей, жаным десе де, ханым десе де болатын ортамызда жүрген «Алтын алқалы» құлсарылық аналарымыздың бірі – Гауһар Нұржауова. Отыздан асқан ол бүгінде сегіз баланың анасы боп үлгерген. Отағасы Елеусін Хасанов екеуі – бір қыз, жеті ұл тәрбиелеп отырған үлгілі ата-ана.

Сөзі мен ісінен жігерлілігі мен пысықтығы көрініп тұрған Гауһар – өнегелі келін, көпбалалы ана ғана емес, ісмерлік өнерге де бейім, қолы ұсынақты жан. Балаларының мектептегі, балабақшадағы шараларына қажетті киімдерді өзі-ақ тігіп береді.

Бүгінде ол «Жауқазын» балабақшасына жұмыс істейді. Отағасы да 2006 жылы Ақтөбе байланыс колледжінен байланыс желілері мамандығын игерген. Қазір Құлсары мұнай құбырлары басқармасында еңбек етуде.

«Біз үлкен шаңырақта, атам мен енемнің қолында тұрамыз. Сондықтан да балаларды бағып-қағуда аса қиындық көрген жоқпын. Бала тәрбиесіне өмірден көрген-білгені көп үлкендеріміз көмектеседі. Қазір сол кісілердің жолымен жүріп келеміз. Әр баланың несібесі болады ғой, осылардың әр тәтті қылығы бізге қуаныш сыйлайды. Өзімді арманым орындалған бақытты ана ретінде сезінемін» дейді «Алтын алқалы» ана.

С.ӘЛИ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner