Мұрағатта қандай анықтамалар беріледі?

Әр заманның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құжаттар да өзіндік сипатқа ие болуда. Қазір дәстүрлі жазба құжаттармен қатар, өмірге электронды құжаттар ұғымы келді.

Бүгінде аудандық мемлекеттік архивте «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Бұл қызмет түрі электрондық немесе пошталық байланыс арқылы, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ архив анықтамасын беру қызметі ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға еңбек өтілі мен еңбекақы төлемдерінің мөлшерін, зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдарының аударылуын растау тәрізді әлеуметтік құқықтық сипаттағы негізде көрсетіледі. Зейнет жасына жеткен тұлғалар, алдымен, еңбек кітапшасын жергілікті зейнетақы тағайындау орталығына апарып, мұрағаттан қандай жылдарға анықтама қажеттілігін нақтылап, белгі соқтырады. Осы белгі бойынша жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына барып немесе электронды портал арқылы мұрағат мекемесіне өтініш білдіреді. Өтінішпен бірге жеке басын айқындайтын төлқұжат және еңбек кітапшасының көшірмесі міндетті түрде бірге тігіледі. Ал өзге адамға немесе туысы туралы ақпарат алу үшін міндетті түрде сенімхат талап етіледі. Аудандық архивке 2018 жылдың тоғыз айының ішінде жеке және заңды тұлғалардан 596 сұраныс түсіп, оның 584-і орындалып отыр. Оның ішінде «Е-әкімдік» электрондық порталынан 60, «Мемлекеттік корпорация» арқылы 227, тікелей мұрағатқа түскені 297 сұраныс орындалып, архивік анықтама беру жүзеге асты. Түскен сұраныстардың жауаптары мерзімді уақыт ішінде сапалы орындалып, қанағаттандырылды.

Г.Мақсотова,

аудандық мұрағат басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521