ads_banner

Мақат ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін, 16 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Мақат ауданының депутаттарына басқа жұмысқа ауысып кеткен Жұмабай Қарағаевтың орнына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа кандидат Шәкір Кейкин бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасаған. Өңір басшысы Ш.Кейкиннің үлкен еңбек өтілін атап өтіп, оның кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілгенін айтты.

shakir1

Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, оны жақсы басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті. Шәкір Кейкин Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1993-2008 жылдар аралығында Жылыой ауданының түрлі коммерциялық құрылымдарында басшылық лауазымдарда қызмет істеді.

2008 жылы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2009-2018 жылдары Құлсары қаласының әкімі болды.

2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Атырау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары. Актив жиналысында жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Ш.Кейкинге Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner