ads_banner

«Мейірім» дүкеніндегі мейірімділік

Киім-кешекті тек қана тегін беретін дүкен «Мейірім» деп аталып, қайырымдылыққа мұқтаж жандарға мейірім шуағын төгіп келеді. 4 ай ішінде 1215 жаны жомарт жандар осы дүкенге өзінен артылған тап-таза киім-кешектерін, тұрмыстық заттарын тапсырған. Ал аудандағы тұрмыс жағдайы төмен 787 адам осы бутик арқылы өзіне қажет киім-кешектермен және тұрмыстық заттармен қамтылған. Ал күні кеше Теңіз кенішіндегі «Сенімді құрылыс» мекемесі су жаңа қысқы аяқ киімдерді әкеліп табыстады. Осындай игі іс-шараларға мұрындық болған компанияға аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал акітелін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Камидолла ризашылығын білдірді.

П.Қизатова.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner