var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Нан бағасы қымбаттады

Бүгінде қаламыздағы көптеген дүкендердегі, шағын маркеттер, базарлардағы тауар бағасын көріп, жағаңды ұстайсың. Дақылына дейін өз елімізде өсіріліп, өндірілетін нан бағасының қымбаттылығы қарапайым халықтың да жүйкесіне тие бастағандай. Жалақы өссе, азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасы екі есеге шарықтап кететінін қайтерсің?

Дүкен иелерінен нан бағасының қымбаттау себебін сұрай қалсаң, нанның грамына байланысты және ұн бағасының қымбаттауы салдарынан деп жауап береді. Қымбаттағаны өз алдына, бағаның тұрақсыздығы қарныңды аштырады әрі сапасы да бағаға сәйкес келмей жатады. Нан бағасы кей дүкендерде 70тг болса, енді бірінде 80, 90тг-ге дейін көтеріліп кете береді. Нан бағасының қымбаттауына байланысты тұрғындардың пікірін сұрап білген болатынбыз. «Басқа тауарларды айтпағанда, күнделікті нан бағасының күн сайын неге өзгере беретінін түсінбейміз. Өз жерімізде егіліп, өсірілетін астық бағасын тым қымбаттатып жіберді. Десе де, қымбат екен деп, ас ішпей отыра алмаймыз ғой, бағасына қарамай сатып аламыз. Бұлай жалғаса беретін болса, біз сияқты бір жалақыға қарап отырған отбасылардың өмір сүруі қиынға соғары анық. Сол себепті тиісті мекемелер базарларды, дүкендерді тексеріп, мониторинг жүргізсе, азық-түлік бағасын тұрақтандырса деген тілегіміз бар» деседі тұрғындар.

Ш.Хамитова

сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner