Оқушылар жалғызбасты қарттың үйін тазалап берді

Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта жанға жылулық сыйлайтын әсерлі шара өтті.

Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта жанға жылулық сыйлайтын әсерлі шара өтті. Құлсары қаласындағы №6 орта білім беретін мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Гүлмаржан Байжумаева үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен отбасы балаларына мектеп құралдарын алып беріп, барлығына тәттілер таратты. Сонымен қатар, бір топ оқушысымен бірге жалғызбасты қарт Сағынғали Айтуқашевтің үйін тазалап берді.

П.Қизатова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521