ads_banner

Қос білім ордасы ел игілігіне

Облыс орталығында бүгін, Білім күні қарсаңында екі бірдей, атап айтсақ, Нұрсая ықшамауданынан 900 орындық, Жұлдыз ықшамауданынан 624 орындық мектеп ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

zhanamektep3

zhanamektep4

Жұлдыз ықшамауданынан ашылған мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына Атырау қаласының əкімі Əлимұхаммед Құттұмұратұлы арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

zhanamektep1

zhanamektep

- 1 қыркүйек білім мен ғылым саласында еңбек ететін ұстаздар жəне шəкірттер үшін ерекше күн. 2019-2020 оқу жылында қаламызда жалпы білім беретін 59 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Баршаларыңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, биылғы оқу жылында сəттілік тілеймін, - деді қала басшысы.

zhanamektep7

Сонымен қатар, Жұлдыз-3 ықшамауданынан 600 орындық тағы бір мектептің салынатыны белгілі болды.

zhanamektep6

- Жыл сайын мектепке келуші оқушылардың саны артып келеді. Осы бағытта облыс бойынша 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы қалада. Облыстағы үшауысымдық мəселесін шешу мақсатында мектеп салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner