var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Қосшағылдықтар жарықтың мардымсыздығын айтты

Оған аудан әкімі Азамат Бекет, аудандық мәслихат хатшысы Мұхар Кенғанов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутттары және ауыл тұрғындары қатысты. Алдыңғы кезекте ауыл әкімі ауылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті. Баяндама соңында ауылдағы атқарылуға тиісті біраз мәселелерге тоқталды.

-  Ауылдағы «Вокзал», «НПС» және 3-учаскеге жаңа трансформаторлар орнатып, жаңа электр желісін жүргізу қажет. Қосшағыл ауылына 3 дана және Қарағай елді мекеніне 1 дана кіші аяқ доп алаңдарын салу. Ауылдың кірме жолынан бастап ауылішілік 7 шақырым көше жарығын жүргізу. Ауылдың кіреберісінен бастап, Мұқан Төлебаев, Желтау, Қ.Сәтбаев, Абылайхан, Ораз Жандосов, Толтыр көшелерін қамтиды. Қарағай елді мекенінің кірме жолына тас жол төсеу. Қарағай елді мекеніне ауыз су жүйесін жүргізу. Ауылда 140 бала балабақша кезегінде тұрғандықтан, тағы бір 160 орындық балабақша құрылысын салу қажеттілігі бар. Қосшағыл ауылындығы 836 бірлік ағашы бар саябаққа абаттандыру жұмысын жүргізу қажет. Денешынықтыру кешенін салу өзекті болып отыр. Жазғы мезгілде ауылда су тапшылығы орын алуына байланысты техникалық судың берілуін шешу өзекті мәселе болып отыр,-деді С.Жұмабекұлы.

Ауыл тұрғыны Аманқос Иманғалиев ауыл маңында малға жайылым жоқтығын айтты. Оның үстіне жем мен шөптің де бағасы аспандап бара жатқанын алға тартты. Оның айтуынша қазіргі кезде бір орам шөптің бағасы 10 мың теңгеге дейін көтерілсе, жемнің бағасы 1500 теңгегеге жеткен. Ауылдың негізгі күнкөрісінің бірі осы мал шаруашылығы болғандықтан осы мәселелерге көңіл бөлінсе деген өтінішін жеткізді. Сонымен қатар ауыл жастарының арасындағы жұмыссыздық мәселесі мен жас отбасылар үшін ауылдан тұрғын үй салынса деген тілегін жеткізді. Тұрғындар ауылдың бір бөлігінде ток қуатының аздығын айтып, жаз мезгілінде салқындатқыш, тоңазытқыштарын қоса алмай қалатындарын жеткізді. Ауыл тұрғындары басқа ауылдармен салыстырғанда Қосшағыл тұрғындары ауыз су ақысын неліктен көп төлеп отырғанын түсіндіруді сұрады. Осы салаға жауапты «Жылыой тазалық» мекемесінің басшысы Бауыржан Абдрахманов биылдан бастап Қосшағыл ауылына субсидия қаралғанын, алдағы уақытта су ақысы төмендейтінін жеткізді. Тегін дәрі-дәрмек алу мәселесі туралы қойылған тұрғындардың сұрағына аудандық емхананың директоры Нұрбек Үкібаев кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмек тізім бойынша берілетінін түсіндірді.

Ауыл тұрғындары электр желілері мен бағаналардың тозығы жетіп тұрғанын оларды ауыстыру қажеттігін айтты. «Атырау Жарық» мекемесінің өкілі ауылдағы бағаналардың барлығы бірдей аталған мекеменің меншігі емес екендігін алға тартты. ТШО компаниясының ауданымыздағы өкілі Ғалия Есенова тұрғындардың осыған дейін компания тарапына айтқан ұсыныстарына жауап берді. Ол ТШО компаниясы Қосшағыл аулына техникалық су жинау үшін 5000 шаршы метрлік қазандық мәселесін шешу қаралатынын, ал балабақша, балалар ойын алаңы және субұрқағы бар саябақ салу мәселесін «Игілік» бағдарламасы аясында шешуге болатынын жеткізді. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің бірсыпырасына жауап беріп өтті. Ол ауылдағы денешынықтыру кешені «Игілік» бағдарламасының қаржысына салынатынын, сонымен қатар балалар ойнайтын алаң жоспарда бар екенін жеткізді. Оның құрылысы жуық арада басталып та қалатынын жеткізді.

Қ.Нұртайұлы.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner