var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

«Патша – сөздің Фаризасы»

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық көлемде «Патша – сөздің Фаризасы» атты апталық өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

fariza1

Ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталған шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жалғасты. Онда алғаш рет «Ар мен ақын» деректі фильмі көрсетіліп, «Жыр – менің жалғыз тарланым» аудио-дискінің тұсауы кесілді. Ақынның өз дауысымен өлеңдері жазылған аудио-дискіні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Әнес Сарай мен Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры Қадыр Өтегенұлы таныстырды.

fariza2

Апталық аясында «Патша – сөздің Фаризасы» атты ғылыми-практикалық конференция да өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева конференцияға арнайы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.

- Фариза Оңғарсынова Атырау топырағының төл перзенті, өңіріміздегі білімнің қара шаңырағы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетнің алғашқы түлектерінің бірі. Ол қарымы мол талант иесі, сөз өнерінің кемеліне жеткен суреткер. Фариза шығармашылығының бүкіл болмысын, ерекшелігін, қасиеттерін жеткізіп айту өте қиын. Қазақтың қыздар поэзиясының өсіп-өркендеуінің, биік деңгейге жетуінің айқын дәлелі де осы. Оның жырлары мәңгі жасайды, - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner