Теңіздегі 3 жұмысшыдан ковид-19 анықталды

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 14 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен - 3 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-інде ауру симптомды түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 133 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 38 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521