Жасөспірім тойларда даяшы болып жүр

Өткен аптада аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Құлсары қаласында түнгі мезгілде рейд жүргізді.

Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің көшеде және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында беймезгіл жүруі бақыланды. Біз, тілшілер, комиссия мүшелері және Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірге сағат 23:00-ден таңғы сағат 3:00-ге дейін рейдке қатыстық.

Сағат 23:15-те комиссия мүшелері қаламыздағы 6-учаскеде 2 жасөспірімді тоқтатты. Олардың 16-17 жастағы студенттер екені анықталды. Өздерінің айтуынша, олардың бірі түнгі мезгілде қызметте тұрған ағасына ақша апара жатқан көрінеді. Жасөспірімдер жедел түрде аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, ата-аналары шақыртылып, түсініктеме алынды. Рейд әрі қарай жалғасын тапты.

Толығырақ "Кең Жылой" газетінің №31 санында

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521