Өткен аптада Ақкиізтоғай ауылдық округінде «Бірге.Таза Қазақстан» атты сенбілік акциясы өтті.
Акцияға «Ақбөбек» балабақшасы ұжымы, №10 мектеп қызметкерлері, әкімшілік және №13 ауылдық кітапхана, емхана, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, «Жаңа таң» ЖШС ұйымшылдықпен қатысты. Олар Жем өзенінің жағалауын және 5 км жерді қалдықтардан тазартты.
Тазалық кезінде 2 тоннадай қоқыс шығарылды. Осындай сенбіліктердің өтуі тұрғындардың өз мекенін, өз ауласын таза ұстауға жұмылдырады. Қоршаған ортаға зор пайдасын тигізеді. Алдағы уақытта да акция жалғасын таппақ.
Ж.Шаңқанова